
Kaspi-дағы сатып алушы жеткізу мерзімін сатып алмай тұрып көреді. Мерзім неғұрлым қысқа болса, дәл сізден соғұрлым жиі сатып алады. Мерзім көбіне тапсырыстың қай қаладан жөнелтілетініне байланысты.
Сатып алушыға жақын қойма
Тауар тек бір қалада тұрса, басқа өңірлерге тапсырыс ұзағырақ жүреді. Бірнеше қаладағы қалдық тапсырысты сатып алушыға ең жақын қоймадан жіберуге мүмкіндік береді.
Тапсырыс түскен күні жинау
Тапсырыс уақытында жиналып, жеткізуге берілуі керек. Күн сайын және сатылым шыңында да жұмыс істейтін қойма жөнелтуді кешіктірмейді.
- Тапсырыстар интеграция арқылы қоймаға өзі түседі
- Жүкқұжат қаптау кезінде басылады
- Әр тапсырыстың күйі кабинетте көрінеді
Jetqor-да қалай жұмыс істейді
Jetqor қоймалары Алматы, Астана, Семей және Ақтауда жұмыс істейді. Тауарды бірнеше қалада ұстап, әр қаладағы қалдықты бір жеке кабинеттен көре аласыз.


