Робот-көмекші және планшет ұстаған қызметкер

AI-көмекші

Сатып алушы жауабын бірден алады, ал сіз — сатылым

Менеджерлер жұмыстан кетіп, өтініш көбейгенде үлгермей жүр ме? Уақтылы әрі сапалы жауап беруге көмектесеміз

Жаңа қызметкерсіз көбірек сатылым
Сатып алушыға бірнеше секундта жауап

Біз үшін ең бастысы — нәтиже

AI-көмекшімен не өзгереді

Jetqor-сыз
  • Сатып алушы жауап күтіп сағаттап отырады да, бәсекелеске кетіп қалады
  • Менеджерлер өтініштің көптігінен үлгермейді
  • Менеджер жұмыстан кетеді — жаңасын іздеп, қайтадан үйрету керек
  • Түнде және демалыста сұрақтар жауапсыз қалады
Jetqor-мен
  • Жауап бірнеше секундта — сатып алушы тапсырыс береді
  • Өтініш қанша болса да, әрқайсысына уақтылы жауап беріледі
  • Көмекші жұмыстан кетпейді — тауар туралы білім сізде қалады
  • Дүкен демалыссыз байланыста, жауабы дәл әрі сыпайы

AI-көмекші бизнесіңізге не береді

01

Сатылым көбейеді

Сатып алушы жауабын бірден алады, менеджер күтіп жүріп бәсекелеске кетпейді.

02

Қызметкерге шығын азаяды

Өтініш ағынын көмекші өзі қабылдайды — штатты кеңейтіп, менеджер іздеп әуре болмайсыз.

03

Демалыссыз

Менеджерлер жоқ кезде де — түнде де, мерекеде де жауап береді.

04

Бас тарту мен қайтару азаяды

Тауар мен жеткізу туралы дәл айтады, сондықтан сатып алушы көңілі қалмайды.

Қалай жұмыс істейміз

  1. 1

    Танысамыз

    Ассортиментіңізді, жеткізу шартын және сатып алушылар жиі қоятын сұрақтарды зерттейміз.

  2. 2

    Баптаймыз

    Көмекшіні сіздің деректеріңізбен оқытып, байланыс арналарыңызға қосамыз.

  3. 3

    Нәтиже

    Көмекші сатып алушыларға жауап береді, ал сіз оның қанша өтінішті шешкенін көріп отырасыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Менеджер ұстағаннан арзан ба?

Иә: көмекші демалысқа шықпайды, ауырмайды және жұмыс уақытымен шектелмейді. Бағасын өтініш санына қарай есептейміз.

Көмекші қай жерде жұмыс істейді?

Сайтта, WhatsApp пен Instagram-да — сатып алушылар сізге қайда жазса, сол жерде.

Ол менің тапсырыстарымды қайдан біледі?

Jetqor қойма жүйесінен: тапсырыстың күйі мен тауар қалдығы өзі жаңарып отырады.

Жауабын білмесе ше?

Сөйлесуді сіздің менеджеріңізге немесе Jetqor менеджеріне береді — сатып алушы жауапсыз қалмайды.

AI-көмекші сіз үшін сатсын

Міндетіңізді айтыңыз — менеджер бизнесіңізге қаншалықты тиімді болатынын есептеп, шешім ұсынады.