Қораптар тізілген стеллаждар

Астанадағы фулфилмент

Елордадағы Jetqor қоймасы: Астана мен солтүстік өңірлердегі сатып алушыларға тапсырыс

Астанадағы Jetqor қоймасы селлерлердің тауарын қабылдап, сақтайды және Kaspi, Wildberries, Ozon мен интернет-дүкендердің тапсырысын жинайды. Елордадағы және көрші өңірлердегі сатып алушылар тапсырысын басқа қаладан жіберілгендегіден тезірек алады.

Тауар қалдығының бір бөлігін Астанада, қалғанын Алматыда, Семейде немесе Ақтауда ұстауға болады: Jetqor жүйесі әр қаладағы қалдықты бір кабинетте көрсетеді.

Қай маркетплейстермен жұмыс істеймізKaspi, Wildberries, Ozon, Halyk Market, Jmart, Flip.kz, Lamoda, Satu.kz

Астанада не аласыз

Елордадағы қойма

Жаханша Досмұхамедұлы көшесі, 20/6: тауар Астанадағы сатып алушыларға жақын.

Тапсырыс берген күні жеткізу

Сағат 12:00-ге дейін берілген тапсырысты қала ішінде сол күні жеткіземіз.

Әр қаладағы қалдық

Астанада және басқа Jetqor қоймаларында қанша тауар бар екенін кабинеттен көресіз.

Барлық маркетплейс

Kaspi, Wildberries, Ozon және интернет-дүкеніңіз — бір қоймадан.

Астанадағы қойманың қызметтері

  • Kaspi, Wildberries, Ozon және интернет-дүкендерге фулфилмент
  • Тауар қабылдау, сақтау және тапсырыс жинау
  • Маркетплейс талабына сай қаптау және таңбалау
  • Маркетплейс қоймасына FBO жеткізілімі
  • Қала ішінде сатып алушыға курьерлік жеткізу
  • Тауарды Jetqor қоймалары арасында ауыстыру
Jetqor қоймасы

Астана

  • Жаханша Досмұхамедұлы көшесі, 20/6 (12 қойма)
  • Дс–Сб, 9:00–18:00

Тауарды қоймаға өзіңіз әкеле аласыз немесе біз барып алып кетеміз — қайсысы ыңғайлы екенін менеджер айтады.

Калькулятор

Фулфилмент айына қаншаға түседі

Тауар өлшемі
Маркетплейспен жұмыс схемасы
Қосымша

Жұмысты қалай бастаймыз

  1. 1

    Өтінім

    Тауарыңыз бен көлеміңізді айтыңыз — менеджер бағасын есептейді.

  2. 2

    Қосу

    Дүкендеріңізді қосамыз, тапсырыстар Астанадағы қоймаға өзі түседі.

  3. 3

    Жөнелту

    Тауарды әкеліңіз немесе басқа қоймадан өзіміз ауыстырамыз — тапсырыстарды жібере бастаймыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызметтер қанша тұрады?

Қабылдау — бірлігі 50 ₸-ден бастап; сақтау — 1 м³ үшін тәулігіне 225 ₸-ден бастап; жинау және қаптау — тапсырысы 460 ₸-ден бастап; курьерлік жеткізу — 1 500 ₸-ден бастап. Тауарыңызға нақты есеп — осы беттегі калькуляторда.

Астанадағы Jetqor қоймасы қай жерде?

Жаханша Досмұхамедұлы көшесі, 20/6 (12 қойма).

Тауарды Алматыдан Астанаға тасуға бола ма?

Иә, Jetqor қоймалары арасында қалааралық тасымал ұйымдастырамыз. Кабинеттегі тауар қалдығы Астанадағы қойма қабылдаған соң жаңарады.

Астанада Ozon-мен жұмыс істейсіздер ме?

Иә. Ozon бойынша Алматыда, Астанада және Ақтауда жұмыс істейміз.

Астанада фулфилмент қаншаға түседі?

Осы беттегі калькулятормен есептеп көріңіз — онда Jetqor-дың қазіргі бағалары тұр. Көлеміңізге нақты есепті менеджер жасайды.

Астанадағы қойма қай уақытта жұмыс істейді?

Дүйсенбіден сенбіге дейін, 9:00-ден 18:00-ге дейін.

Астана бойынша тапсырыс жеткізесіздер ме?

Иә, Jetqor курьерлері қала ішінде тапсырысты есікке дейін жеткізеді. 12:00-ге дейін рәсімделген тапсырыс сол күні жетеді.

Астанадағы Jetqor қоймасына қосылыңыз