Паллетті көлікке тиеп жатыр

Ақтаудағы фулфилмент

Батыс Қазақстандағы сатып алушыларға жақын Jetqor қоймасы

Ақтаудағы Jetqor қоймасы селлерлердің тауарын қабылдап, Kaspi, Ozon және интернет-дүкендердің тапсырысын жинайды. Елдің батысындағы сатып алушылар тапсырысын тезірек алады.

Ақтау филиалы Jetqor-дың ортақ жүйесінде жұмыс істейді: тауар қалдығының бір бөлігін осында, қалғанын Алматыда, Астанада немесе Семейде ұстап, бәрін бір кабинеттен көре аласыз.

Қай маркетплейстермен жұмыс істеймізKaspi, Wildberries, Ozon, Halyk Market, Jmart, Flip.kz, Lamoda, Satu.kz

Ақтауда не аласыз

Елдің батысындағы қойма

2 өнеркәсіп аймағы, 52/1: Батыс Қазақстандағы сатып алушыларға тапсырыс Ақтаудан жөнелтіледі.

Kaspi және Ozon

Екі маркетплейспен де, оның ішінде Ozon қоймаларына FBO жеткізілімімен де жұмыс істейміз.

Курьерлік жеткізу

Jetqor курьерлері тапсырысты сатып алушының есігіне дейін жеткізеді.

Ортақ кабинет

Ақтаудағы және басқа Jetqor қоймаларындағы тауар қалдығы — бір экранда.

Ақтаудағы қойманың қызметтері

  • Kaspi, Ozon және интернет-дүкендерге фулфилмент
  • Тауар қабылдау, сақтау және тапсырыс жинау
  • Маркетплейс талабына сай қаптау және таңбалау
  • Маркетплейс қоймасына FBO жеткізілімі
  • Сатып алушыға курьерлік жеткізу
  • Тауарды Jetqor қоймалары арасында ауыстыру
Jetqor қоймасы

Ақтау

  • 2 өнеркәсіп аймағы, 52/1
  • Дс–Жм, 9:00–18:00

Тауарды қоймаға өзіңіз әкеле аласыз немесе біз барып алып кетеміз — қайсысы ыңғайлы екенін менеджер айтады.

Калькулятор

Фулфилмент айына қаншаға түседі

Тауар өлшемі
Маркетплейспен жұмыс схемасы
Қосымша

Жұмысты қалай бастаймыз

  1. 1

    Өтінім

    Тауарыңыз бен көлеміңізді айтыңыз — менеджер бағасын есептейді.

  2. 2

    Қосу

    Дүкендеріңізді қосамыз, тапсырыстар Ақтаудағы қоймаға өзі түседі.

  3. 3

    Жөнелту

    Тауарды әкеліңіз немесе басқа қоймадан өзіміз ауыстырамыз — тапсырыстарды жібере бастаймыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызметтер қанша тұрады?

Қабылдау — бірлігі 50 ₸-ден бастап; сақтау — 1 м³ үшін тәулігіне 225 ₸-ден бастап; жинау және қаптау — тапсырысы 460 ₸-ден бастап; курьерлік жеткізу — 1 500 ₸-ден бастап. Тауарыңызға нақты есеп — осы беттегі калькуляторда.

Ақтаудағы Jetqor қоймасы қай жерде?

2 өнеркәсіп аймағы, 52/1.

Ақтауда Ozon-мен жұмыс істейсіздер ме?

Иә. Ozon бойынша Алматыда, Астанада және Ақтауда жұмыс істейміз.

Тауарды басқа қоймадан Ақтауға тасуға бола ма?

Иә, Jetqor қоймалары арасында қалааралық тасымал ұйымдастырамыз.

Ақтауда фулфилмент қаншаға түседі?

Осы беттегі калькулятормен есептеп көріңіз — онда Jetqor-дың қазіргі бағалары тұр. Көлеміңізге нақты есепті менеджер жасайды.

Ақтаудағы қойма қай уақытта жұмыс істейді?

Дүйсенбіден жұмаға дейін, 9:00-ден 18:00-ге дейін.

Ақтауда курьерлік жеткізу бар ма?

Иә, Jetqor курьерлері тапсырысты сатып алушының есігіне дейін жеткізеді.

Ақтаудағы Jetqor қоймасына қосылыңыз